24.08.2007, 16:58 3049

Павлодардың Орталық стадионында жаңа газон төсеуге кірісті

Павлодардың Орталық стадионында Қазақстанда жоқ жаңа синтетикалық шөп қабатын төсеуге кірісті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ПАВЛОДАР. Павлодардың Орталық стадионында Қазақстанда жоқ жаңа синтетикалық шөп қабатын төсеуге кірісті, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Павлодардың денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Рахметулла Қасқырбаев.

Синтетикалық көгал Голландияда дайындалған. Құны шамамен - 200 мыңнан астам евро.

"Мұндай көгалды төсеу және жұмыс істеу тәжірибесі біздің ел үшін революция болуы мүмкін, өйткені, кәсіби болмаса да, әуесқой бұқаралық аяқдоптың болашағы жасанды жабынмен байланыстырылады",- деп атап өтті агенттік тілшісімен әңгімелескен Р. Қасқырбаев.

"Су сіңіргіш жүйе, жылыту жүйесі, арнайы қиыршық тастан төселген төсеулер - мұның бәрін біздің жергілікті мамандар волгоградтық фирманың ресейлік әріптестеріміздің қадағалауымен жасады. Олар қысқа мерзім ішінде Нидерландылық көгал жасаушылармен келісуге көмектесті", деп хабарлады ол.

Р. Қасқырбаевтың атап өтуінше, стадиондағы реставрациялық жұмыстар аяқталғаннан кейін "екі жұлдызды" мәртебесі беріледі, ол ішкі чемпионаттардан басқа да халықаралық сайыстарды да өткізуге мүмкіндік береді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Орталық стадионды жаңалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 130 млн теңге бөлінген болатын. Тағы 30 миллионнан астам қаржыны қалалық бюджет пен стадионның өз табысынан бөлінген.

Бүгінгі күнге дейін пластик орындықтардың барлығы ауыстырылып, трибуна астындағы ғимарат мен құрметті қонақтарға арналған орын жаңартылған. Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов келесі жылы жаңа электрондық тақтайшаға ақша бөлуге уәде берді.

Жаңартылған стадионның ресми ашылуы Қала күніне орайластырылып 8 қыркүйекке жоспарлануда.

Орталық стадиондағы (бұрынғы "Трактор") көгал соңғы рет 1981 жылы ауыстырылған. Онда жаңа көгал осы аттас құрамаға КСРО бірінші чемпионаттар лигасына қатысқаны үшін сый ретінде жасалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны