25.09.2008, 16:34 4280

Пекин Олимпиадасы Қазақстанның ұлттық құрамасының кемшіліктері мен проблемаларын айқындап берді - ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті

Пекин Олимпиадасы Қазақстанның ұлттық құрамасының кемшіліктері мен проблемаларын айқындап берді - ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Пекин Олимпиадасы Қазақстанның ұлттық құрамасының кемшіліктері мен проблемаларын айқындап берді. Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен Қазақстанның спорттық делегациясының Пекиндегі XXIX Олимпиада ойындарына атсалысу қорытындысына арналған алқа мәжілісінде министрліктің спорт комитетінің төрағасы Анатолий Құлназаров мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Пекин Олимпиадасы Қазақстанның ұлттық құрамасының кемшіліктері мен проблемаларын айқындап берді. Атап айтсақ, олар бірінші кезекте - оқу-жаттығу және жарыстарға қатысу процесстерін ағымдағы, кезеңдік және оперативтік қадағалаудың ойластырылған жүйесінің жоқтығы, жаттығулар арасындағы және одан кейінгі қалпына келтіру шаралары мен спортшыларды медициналық-билогиялық және психологиялық қамтамасыздық шараларын дұрыс бағаламау", - деді А. Құлназаров.

Оның айтуынша, "біздің жоғары оқу орындарымыздағы білім беру деңгейді үлкен алаңдаушылық тудырады, жаттықтырушардың біліктілігін көтеру жүйесі мүлдем қалыптаспаған". Сонымен бірге, "жеңіл атлетика, жүзу, спорттық гимнастика, ескекті қайықпен жүзу, атыс спорты секілді медаль көп әкелетін спорт түрлері нашар дамыған".

Комитет төрағасы сонымен бірге Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстық басқармаларының жұмысына сын айтты. Бұл өңірлердің спортшылары Олимпиада ойындарында алдыңғы алтылыққа іліге алмады. "Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері де медаль бойынша өз міндеттемелерін орындай алмады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны