11.02.2016, 16:58 8457

Рио-2016: Олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздыӊ киім үлгісі белгілі болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшыларды спорттық киіммен қамтамасыз етуге орай арнайы құрылған комиссияныӊ 2-ші отырысы өтті

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшыларды спорттық киіммен қамтамасыз етуге орай арнайы құрылған комиссияныӊ 2-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствоныӊ баспасөз қызметі мәлімдегендей, мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылданды, осылайша қазақстандық өндірушілер қосымша жұмыспен қамтылса, екіншіден бұл қазақстандық үлестіӊ артуына сеп болмақ. Отырыста жалпы талаптар, эскиздер мен отандық киім өндірушілердіӊ ұсыныстары ортаға салынды. Бұл жолы айтылған ескертулер мен енгізілген өзгерістер ескеріліп,спортшылар формасыныӊ нақты дизайны белгіленді.

Естеріӊізге сала кетейік, бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына барған спортшылардыӊ киімін отандық компания әзірлеген болатын.

Комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев сынды танымал спортшылар мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер қатысты. Комиссия мүшелері киімніӊ сапасы, дизайны - еӊ басты талаптар екенін ескертті. Себебі киім спортшылар үшін ыӊғайлы болғаны дұрыс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны