22.08.2016, 14:21 7803

Рио-де-Жанейрода ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары аяқталды

Бразилияныӊ Рио-де-Жанейро қаласындағы "Маракана" алаӊында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарыныӊ ресми жабылу салтанаты өтті.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Бразилияныӊ Рио-де-Жанейро қаласындағы "Маракана" алаӊында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарыныӊ ресми жабылу салтанаты өтті.

Шара бразильдік карнавал сипатында өтті. Шоудыӊ сценарийін Риода атақты карнавалдарды қоятын суретші және дизайнер Роза Магальяйнш жазса, рәсімніӊ музыкалық бөлімін танымал норвегиялық DJ Kygo қойды.

Шоу көрермендерді Бразилия мәдениетімен таныстырған музыкалық би көрінісінен басталды. Оны балалар хоры орындауындағы Олимпиада иесі - Бразилияныӊ ресми әнұраны жалғастырды.

Содан кейін спортшылар шеруі ұйымдастырылды. Рәсімге Қазақстан құрамасы да қатысты. Еліміздіӊ байрағын таэквондошы Руслан Жапаров көтеріп жүрді.

Шеруден кейін іс-шара ұйымдастырушылары көрермендерге Бразилия мәдениетінен тағы да бірер қойылым көрсетті.

Сонымен қатар Олимпиаданыӊ ресми бөлімі де ұйымдастырылды. Рио-де-Жанейро мэрі Эдуард Паус Олимпиада жалауын Халықаралық Олимпиада комитеті Томас Бахқа, ол өз кезегінде оны Токио мэрі Юрико Коикэге тапсырды. Болашақ Олимпиада ойындары иесініӊ құрметіне Жапония әнұраны орындалды.

Жапондықтар барша қатысушыларға көрсеткен сенімдері үшін аренаға әлемніӊ барлық тілдеріндегі "рахмет" сөзін шығару арқылы алғысын білдірді.

Еске салып кетсек, төртжылдықтыӊ басты жарыстарыныӊ қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 22-ші орынға табан тіреді. Командамыздыӊ еншісінде 3 алтын, 5 күміс және 9 қола жүлде бар.

Халықаралық спорттық жарыстардыӊ тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардыӊ чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ құрама командаларыныӊ (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардыӊ) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерініӊ мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына сәйкес ақшалай көтермелеу төлемдерініӊ мөлшері Жазғы, қысқы Олимпиада ойындарында 1-орын алған спортшыға 250 мыӊ, жаттықтырушыға 250 мыӊ, 2-орын үшін сәйкесінше 150 мыӊнан, 3-орын үшін 75 мыӊ, 4-орын үшін 30 мыӊ, 5-орын үшін 10 мыӊ, 6-орын үшін 5 мыӊ АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны