02.05.2017, 20:50 4699

Румынияда оқушылар арасында шахматтан өткен Илем чемпионатында қызылордалық Исел Серікбай Илем чемпионы атанды

Сондай-ақ, 13 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Илем чемпионатыныӊ күміс жүлдесін иеленді.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Румынияныӊ Яссыда қаласында оқушылар арасында шахматтан өткен Илем чемпионатында қызылордалықтар табысты өнер көрсетті.

15 жасқа дейін қыздар арасында өнер көрсеткен Исел Серікбай Илем чемпионы атанып, еліміздіӊ абыройын асқақтатты. Ол швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 8,5 ұпай жинады.

Сондай-ақ, 13 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Илем чемпионатыныӊ күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, дүбірлі додаға елімізден 33 спортшы қатысып, оныӊ ішінде тек қызылордалық қос шахматшы ғана жүлделі орындарды иеленді.

Жалпы Илем чемпионатына 45 мемлекеттен 670 спортшы шеберлік байқасты.

Қос спортшымыз енді қыркүйек, қазан айларында Уругвай және Италияда өтетін Илем чемпионаттарына дайындалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны