16.11.2018, 18:55 7484

Румынияныӊ Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеӊіп алды

8-12 қараша аралығында Румынияныӊ Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан ерлер мен әйелдер арасында Илем чемпионаты өтті. Самбоныӊ 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа 80 нен астам елдіӊ спортшылары қатысты.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - 8-12 қараша аралығында Румынияныӊ Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан ерлер мен әйелдер арасында Илем чемпионаты өтті. Самбоныӊ 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа 80 нен астам елдіӊ спортшылары қатысты.

Дүбірлі додада ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеӊіп алды. Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді жақындары мен "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК ұжымы халықаралық Назарабаев әуежайынан гүл шоқтарымен күтіп алды.

Байрақты бәсекеде 68 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде белдесуде жерлесіміз Нұрбол Серіков қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық кездесуде әзірбайжандық Эмиль Гасановты жеӊіп, алтынан алқа тақты. Тағы бір алтын жүлденіӊ иегері - Темірлан Ихсанғалиев. 82 кг салмақта сынға түскен Темірлан бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды.

Өз кезегінде Нұркелді Қиялбеков жартылай финалда жарақат алып, ақтық белдесуге шыға алмады. 68 келіде белдескен балуанымыз "күмісті" қанағат етті. Нұркен Домбаев (52 кг), Серікжан Түсіпов (58 кг) және қыздар арасында Гүлнұр Ерболова (52 кг) боз кілем төріне шығып, әлем чемпионатыныӊ қола жүлде иегерлері атанды.

Командалық есепте жауынгерлік самбодан ел құрамасы үшінші орынды иеленді. Бірінші орын Ресей мемлекеті. Жүлделі екінші орында-Украина.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны