17.04.2008, 15:52 2959

"Шахтер" футбол клубы" АҚ командасының бастығына 36 айға футболмен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды

"Шахтер" футбол клубы" АҚ командасының бастығына 36 айға футболмен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды

Қарағанды. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Шахтер" футбол клубы" АҚ командасының бастығы Владимир Нидергауске 36 айға футболмен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, 600 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "бұл шешім Қазақстанның футбол Федерациясының бақылау тәртіптік комитетінің отырысында В. Нидергаустың футбол клубтары арасындағы Премьер-лигасы клубтарының Қазақстан чемпионатының III тур матчі қорытындысына әсер ету үшін "Оқжетпес" футбол клубының бас жаттықтырушысы Вячеслав Ледовскихке пара беруге әрекетіне байланысты шығарылды".

В. Нидергаус хабарлағанындай, Қазақстанның футбол Федерациясы "Оқжетпес" клубының президенті Марат Оспанов пен бас жаттықтырушысы В. Ледовскихтің берген арыздарын регламентке сәйкес қарастырды.

"Дәлелсіз айыптар ешқандай сын көтермейді. Мен мұндай арсыздықпен ешқашанда айналысқаным жоқ, айналыспаймын да. Мен 20 жыл футбол ойнаушысы болдым, өзімнің нанымды адал тауып жедім және футболдың ішкі шаруашылық жұмыстарын жақсы білемін. Бұл өмірде өзімнің арыма, атыма кір келтірген жоқпын, келтірмеймін де. Ирі "Шахтер" клубының жетекшілері адал ойын жөнінде меморандумға қол қойған", - деп атап өтті В. Нидергаус.

Оның сөздері бойынша " ол өзінің ар-ожданына кір кілтірген Оспанов пен Ледовскихтің үстінен сотқа шағым түсіреді".

"Сот арқылы менің атыма кір келтірген деректерді теріске шығаруды талап етемін. Сонымен қатар, Ледовских және Оспанов мырзалардан моральдық шығынды талап ету құқығымды пайдаланамын. Мен ешкімге өзімді таптатып, күйе жақтырмаймын", - деп толықтырды "Шахтер" футбол клубы" АҚ командасының бастығы Владимир Нидергаус.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны