08.08.2013, 14:19 25777

"Шахтердің" плей-оффта кездесуі мүмкін қарсыластары толық анықталды

Қарағандылық "Шахтердің" чемпиондар Лигасы финалдық раунды аясындағы кездесуі мүмкін қарсыластырының тізімі белгілі болды

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандылық "Шахтердің" чемпиондар Лигасы финалдық раунды аясындағы кездесуі мүмкін қарсыластырының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Vesti.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қазақстандық клубқа келесі командалар ішінде біреуі қарсылас атанбақ. Олар: швейцариялық "Базель", шотландиялық "Селтик", румындық "Стяуа", чехиялық "Виктория Пльзень" және хорватиялық "Динамо Загреб".

"Базель" чемпиондар Лигасы үшінші раунды аясында израильдық "Маккаби" клубын өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, қонақта 3:3 болып тең нәтиже көрсеткен болатын. Осылайша екі ойын қорытындысында "Базель" келесі кезеңге өтті. Шотландиялық "Селтик" болса шведтік "Эльфсборг" клубын айналып өтті (өз алаңында 1:0, қонақта 0:0). "Стяуа" Грузия астанасының "Динамо" клубын өз үйінде 2:0 есебімен ұтса, қонақта 1:1 есебін тіркеп, финалдық раундқа жолдама алды. "Виктория Пльзень" екі матч қорытындысы бойынша эстондық "Нымме Кальюді" ойсырата жеңсе (Эстонияда 4:0 және Чехияда 6:2), хорватиялық "Динамо Загреб" молдаван клубы "Шерифке" еш мүмкіндік бермеді (1:0 үйде, 3:0 қонақта).

Айта кетейік, чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі соңғы матчтары үшін болатын жеребе тарту салтанаты 9-тамыз күні Швейцарияның Ньон қалашығында өтеді.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық команда ЧЛ үшінші раунды аясында албаниялық "Скендербеу" клубын ұтқан болатын. Астанадағы ойын 3:0 есебімен аяқталса, Тиранада 2:3 есебі тіркелді. Ал оған дейін "Шахтер" беларусиялық БАТЭ-ні екі матчта да 1:0 есебімен ұтып, кішігірім сенсация жасаған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны