26.10.2016, 12:27 5040

Шымкентте стенд және оқ атудан халықаралық турнир өтті

Шымкент қаласында Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стенд және оқ атудан ХХV халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стенд және оқ атудан ХХV халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыста ату спортыныӊ даму тарихында бұл турнир 25-ші рет өткізіліп, еліміздіӊ Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. Биылғы жарысқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Кырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасынан (Астана, Алматы қалаларымен қатар Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маӊғыстау, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ командалары) 280 шақты спортшы қатысты.

Траптан (траншеяден нысана көздеу) ерлер арасында қызылордалық Максим Коломоец, жастар арасында алматылық Артем Чикулаев, қыздар арасында қызылордалық Айжан Досмағамбетова бірінші орынды иемденді. Ал скиттен (дөӊгелек нысана көздеу) ерлер арасында оӊтүстікқазақстандық Владислав Мухамедиев, жастар арасында алматылық Юнус Мачжон, қыздар арасында қызылордалық Анеля Шалтақбаеваныӊ жұлдызы жанды. Компакт - спортингтен ерлер арасында елордалық Дмитрий Качанов, жастар арасында алматылық Эдуард Ещенко, қыздар арасында ОҚО спортшысы Ольга Хайлова ерледі. Дубль-траптан ерлер арасында ресейлік Виталий Фокеев, жастар арасында алматылық Руслан Бердов, қыздар арасында қызылордалық ару Айжан Досмағамбетова жеӊімпаз атанды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында:

"Денешынықтыру мен спорт мемлекеттіӊ айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығыныӊ кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соныӊ ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны