22.09.2016, 09:53 9860

Шымкентте тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев осы сында бірінші және екінші орын алған спортшылар келесі жылы ЕХРО - 2017 көрмесі аясында Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысатынын жеткізді.

Шымкент. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында кеше тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында ҚР кезекті чемпионаты аяқталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ОҚО әкімдігініӊ денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған додаға еліміздіӊ 14 аймағынан 90-нан астам спортшы қатысты.

Жарыс швейцариялық есептеу әдісімен 9 турдан тұрды. Соӊғы турға дейін кім жеӊімпаз болатыны белгісіз болды. Нәтижесінде ерлер арасында бірінші орынды қызылордалық Хакімжан Елеусінов жеӊіп алды. Халықаралық дәрежедегі спортшы бабында екендігін аӊғартты. Күміс жүлде батысқазақстандық Сайлан Матыловқа бұйырса, қола медальді ақтөбелік Нұрбек Қабиев жеӊіп алды.

Қыздар арасында ешкім күтпеген жерден қызылордалық Ақерке Кенжебекова чемпион атанды. Он бес жастағы мектеп оқушысы әлем және Азия чемпиондарынан басым түсті. Екінші орынды оӊтүстікқазақстандық Исел Дәлиева еншілесе, қола жүлде павлодарлық Анастасия Фоосқа бұйырды. Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальмен марапатталды.

Тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев осы сында бірінші және екінші орын алған спортшылар келесі жылы ЕХРО - 2017 көрмесі аясында Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысатынын жеткізді.

"Сайысты жоғары деӊгейде ұйымдастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне алғыс айтамыз. Ұлттық спортымыздыӊ қанаты кеӊге жайыла береді деген сенімім бар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны