14.09.2017, 17:15 6706

СҚО-да Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиаданыӊ жеӊiмпазы Айдар Қазовқа құрмет көрсетiлдi

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов 29-шы Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиаданыӊ жеӊiмпазы Айдар Қазовпен кездестi.

Петропавловск. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов 29-шы Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиаданыӊ жеӊiмпазы Айдар Қазовпен кездестi.

Биыл дәстүрлi жарыс Қытай Халық Республикасыныӊ Тайбей қаласында өттi.

Кездесудi ашқын өӊiр басшысы бүгiн облыста спортты дамыту үшiн ауқымды жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын атап айтты.

"Жазғы Универсиадаға Қазақстан құрамасы құрамында Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ 3 өкiлi қатысты -ауыратлетшi Айдар Қазов, сол сияқты жеӊiлатлетшiлер Михаил Литвин мен Екатерина Эктова. Бiздiӊ жерлесiмiз Айдар Қазаовтыӊ алтын медалi солтүстiкқазақстандықтар үшiн қуанышты оқиға болды. Оныӊ жеӊiсi Қазақстан құрамасыныӊ медальдар қоржынын толықтырып, бiздiӊ мемлекетiмiздiӊ оӊ имиджiн қалыптастыруға зор үлес қосты және өскелеӊ ұрпаққа жарқын үлгi болды", -дедi Құмар Ақсақалов.

Спортшыны сол сияқты спорт ардагерлерi Темiртас Илжанов пен Виктор Бондаренко құттықтап, Айдарға жоғары спорттық жетiстiктер мен халықаралық ареналарда жеӊiс тiледi.

Жоғары спорттық көрсеткiшi және 29-шы Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиададағы жеӊiсi үшiн облыс әкiмi Айдар Қазовқа Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық табыс еттi.

"Бiзге көрсетiлiп жатқан барлық қолдау шекараныӊ арғы жағында ерекше байқалады. Алдағы жоспарым -Дүниежүзi чемптонатына қатысу. Сiздердiӊ сенiмдерiӊiздi ақтаймын ғой деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетiстiктерге жету үшiн мұқият дайындалатын боламын, соған тырысамын", -дедi Айдар Қазов.

Бұдан басқа Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы -Айдар Қазовтыӊ бiрiншi жаттықтырушысы Ерiк Илiбаевтыӊ еӊбегi де аталды. Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов жеӊiмпаздыӊ тәлiмгерiне Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс еттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны