28.02.2017, 15:05 7828

Софияда өткен халықаралық турнирде қызылордалық боксшылар жүлделі орындардан көрінді

Софияда (Болгария) бокстан өткен "Странджа" атты халықаралық турнирде қызылордалықтар жақсы өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Қазақстаннан 7 спортшы қатысып, сыр боксшылары өздерініӊ мықты екендіктерін дәлелдеді.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Софияда (Болгария) бокстан өткен "Странджа" атты халықаралық турнирде қызылордалықтар жақсы өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Қазақстаннан 7 спортшы қатысып, сыр боксшылары өздерініӊ мықты екендіктерін дәлелдеді.

75 келі салмақта сынға түскен Тұрсынбай Құлахметов финалда болгар спортшысын 5:0 есебімен жеӊіп, турнирдіӊ жеӊімпазы атанды. Ал 91 келіде Қамшыбек Қоӊқабаев қола жүлдені еншіледі.

Қызылорда облысыныӊ жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындады.

Спортшылар алдағы уақытта Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны