10.10.2026, 13:41 64001 / 12000

Софья Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

Софья Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өткен "Денис Тен мемориалы" халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

Әйелдер арасындағы жекелей сында отандық спортшы қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады

Қысқа бағдарламада Софья Самоделкина 69,45 ұпайға ие болса, еркін бағдарламада 134,91 ұпай еншіледі. Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарыстың алғашқы күнінен кейінгі үшінші орнын сақтап қалды.

Турнирде бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен (122,40 ұпай, 14-орын), Алика Халимова (120,56 ұпай, 15-орын), Амира Ирматова (117,00 ұпай, 16-орын), Зере Сарбалдина (108,73 ұпай, 18-орын) және Амина Алексеева (98,20 ұпай, 19-орын) ел намысын қорғады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны