11.04.2016, 10:42 11112

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған Алматыдағы веложарысқа 3 мыӊнан астам адам қатысты

Бұқаралық спорттық шара ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен Алматы қаласыныӊ 1000 жылдық мерейтойына арналған. 9 шақырымға созылған веложарыс әл-Фараби даӊғылы мен Тәттімбет көшесініӊ қиылысынан басталып, ҚР Тұӊғыш Президенті саябағында мәреге жетті

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - VIII- маусымныӊ алғашқы веложарысына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, қалалық мәслихат депутаттары, танымал спортшылар, Отандық шоу-бизнес жұлдыздары, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары, қазақстандық велоодақтыӊ мүшелері қатысты. Жалпы, веломаусымныӊ ашылуына 3 мыӊнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұқаралық спорттық шара ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен Алматы қаласыныӊ 1000 жылдық мерейтойына арналған. 9 шақырымға созылған веложарыс әл-Фараби даӊғылы мен Тәттімбет көшесініӊ қиылысынан басталып, ҚР Тұӊғыш Президенті саябағында мәреге жетті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қала басшысы барлық қатысушыларды веломаусымныӊ басталуымен құттықтап, велоспорт мәдениетініӊ дамып келе жатқанын атап өтті.

"Биыл бізді 6 веложарыс күтіп тұр. Оныӊ ішінде алғаш рет Отан қорғаушылар күніне орай түнгі веложарыс өткізілетін болады. Меніӊ ойымша, біздіӊ қаламызда бұқаралық спорттыӊ дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Велосипед болса, еӊ демократиялық та әдемі спорт түрі. Бүгінде әлемде 400 миллион көлік болатын болса, велосипед одан 3,5 есе көп екен. Біздіӊ қалада да осындай сәйкестік болады деп үміттенемін. Өйткені Алматы экологиялық таза, әдемі, спорттық, ыӊғайлы әрі заманауи қала болуы керек. Ал, бүгінгі веложарыс осыған үлкен үлес қосты деп ойлаймын", -деді Б.Байбек.

Мәреде қатысушыларды "Еӊ үздік вело жабдық", "Еӊ жас қатысушы", "Еӊ үздік спорттық отбасы" және "Спорттық дәстүрге берік" аталымдары бойынша сыйлықтар мен жүлделер күтіп тұрды.

Бұқаралық спорттық шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны