18.07.2017, 21:59 6726

Түркияныӊ Самсун қаласында XXIII Сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық құрамасы 50 спортшыдан құралған. Олар спорттыӊ 9 түрі бойынша жарысады: Жеӊіл атлетика, жүзу, үстел спорты, еркін және грек-рим күресі, сонымен қатар, каратэ, таеквондо, спорттық бағдарлау және дзюдо.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 18 шілдесінде Түркияныӊ Самсун қаласында XXIII Сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылды.

Төрт жылда бір рет өткізілетін бәсекеге әлемніӊ 100 мемлекетінен келген есту қабілеті нашар 3 мыӊнан астам спортшы қатыспақшы.

Бұл аталған категориядағы спортшылардыӊ жарысында тарихи көрсеткіш болып саналады. Қара теӊіз жанында спортшылар барлығы 21 спорт түрі бойынша сынға түседі. Футбол баскетбол, волейбол, гандбол, жағажай волейболы, ату, жеӊіл атлетика, бадминтон, боулинг, тау велоспорты, гольф, күрес (грек-рим және еркін), дзюдо, карате, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, тхэквондо, теннис, шосседегі велоспорт және жүзу. Ойындар Самсун провинциясыныӊ 8 ауданында 37 спорттық стадионда өтеді. "Дефлимпикс-2017" жарысына 1 500 ерікті, 500 сурдоаудармашы, 100 жуық шетелдік, сонымен қатар 250 мүмкіндігі шектеулі азамат тартылған.

Қазақстандық спортшылар да жарысқа қатысады. Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық құрамасы 50 спортшыдан құралған. Олар спорттыӊ 9 түрі бойынша жарысады: Жеӊіл атлетика, жүзу, үстел спорты, еркін және грек-рим күресі, сонымен қатар, каратэ, таеквондо, спорттық бағдарлау және дзюдо. Айта кетейік, сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін спортшыныӊ есту қабілеті кемінде 55дБ болуы керек. Бұл ретте дыбыстық сигналдар пайдаланылмайды, олардыӊ орнына визуалды әсерлер қолданылады.

Ашылу салтанатында (18 шілде, Анкара уақыты бойынша 18.00) ел құрамасы атынан 2013 жылғы Сурдлимпиада ойындарыныӊ жеӊімпазы Ғабит Есжанов ту ұстап шығады. Жарыс бағдарламасын 20 шілде күні татами шеберлері, жүзушілер мен үстел теннисініӊ спортшылары ашады. Ирбір алты орынға ақшалай сыйақы қарастырылған. Алтын медаль иегері 50 мыӊ долларға ие болады. Бүгінгі таӊда, отандық делегация Сурдлимпиада қалашағына орналасты. Онда спортшылар үшін барлық жағдай жасалған, медициналық орталық, массаж бөлмелері, конференц-зал, демалыс орындары бар.

Анықтама үшін: Бүгінгі таӊда Халықаралық Сурдлимпиада Комитетініӊ құрамына 90 ұлттық спорттық федерация кіреді. Қазақстан бұл ойындарға Тәуелсіздік алған жылдардан бері қатысып келеді. XXIII Сурдлимпиада ойындары 30-шы шілдеде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны