08.11.2018, 15:33 8556

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "SARYAGASH OPEN" ашық турнирі өтті

Мақсаты - туған елге деген патриоттық сезімдерді жас ұрпаққа насихаттау, белсенді демалыс және экологиялық туризмді дамыту, облысты туристік дестинация ретінде қалыптастыру.

Түркістан. 8 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "SARYAGASH OPEN" ашық турнирі өтті. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан "Altyn Bulak Golf & Health Resort" гольф клубында ұйымдастырылуда. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынады. Жарысқа 21 жастан асқан шет елден келген және еліміздіӊ ер азамат гольфшылары қатысты. Қазір турнирге 48 қатысушы жіберіліп отыр.

Халықаралық жарыстыӊ тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Бүгін басталған "SARYAGASH OPEN 2018" гольф турнирі Сарыағаш курорт демалыс аймағын туризм ошағы ретінде көрші елдерге де насихаттайтын шара болмақ. Мақсаты - туған елге деген патриоттық сезімдерді жас ұрпаққа насихаттау, белсенді демалыс және экологиялық туризмді дамыту, облысты туристік дестинация ретінде қалыптастыру. Ендеше сіздерді өтіп жатқан "SARYAGASH OPEN 2018" гольф турнирі іс-шарасымен шын жүректен құттықтап, баршаӊызға бақ-береке, мықты денсаулық тілеймін. Аталған шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұратынына сеніміміз мол" - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Иуесқойлық турнир Сэнт-Эндрюс Корольдік Гольф Клубыныӊ ережелеріне сәйкес және "Altyn Bulak Golf & Health Resort" жергілікті ережелеріне сәйкес жеке Stroke play форматында өтуде.

Турнирде 1,2,3 орынды иеленген қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталатын болады. Ойын нәтижелері теӊ түскен жағдайда, үздік ойын көрсеткен қатысушы жеӊімпаз атанады. Өзге де номинациялар бойынша үздік ойыншылар ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны