03.02.2016, 22:53 6490

Ұлттық Универсиадаға Қазақстанныӊ 34 жоғары оқу орынынан 1000-ға жуық студент қатысады

Ұлттық қысқы Универсиада ойындары 6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізіледі

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық қысқы Универсиада ойындары 6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жылғы студенттердіӊ басты спорттық шарасына қатысу үшін 141 команда тіркеуден өтті. Универсиадаға 15 мыӊға жуық көрермен қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Тақир Балықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ӊ алматылық филиалындағы брифинг барысында хабарлады.

Универсиада келешектегі халықаралық жарыстардыӊ чемпиондары мен жаӊа үздік спортшыларды шығаратын спорт әлеміндегі қызықтыратын үздік біріншіліктердіӊ бірі болып есептеледі. Ұлттық қысқы студенттік Универсиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған ҚР БҒМ-ӊ ағымдағы жылғы бірінші іс-шарасы болады.

Жарыстардыӊ күнтізбесі 2016 жылғы 6-17 ақпан аралығы көрсетілген. Студенттік ойындар 6 ақпандағы "Сұӊқар" Халықаралық шаӊғы трамплині кешеніндегі салтанатты ашылу рәсімінен басталады. Жарыстардыӊ бағдарламасына спорттыӊ 10 түрі енгізілген: президенттік көп сатылы сайыс, шаӊғы жарысы, биатлон, шорт-трек, тау шаӊғы спорты, сноуборд, қысқы спорттық бағдарлау, шаӊғымен трамплиннен секіру, шайбалы хоккей, конькимен жүгіру спорты.

Маӊызды сәт: жеӊімпаздар 2017 жылы Алматы қаласында 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданыӊ қатысушылары атанады және біздіӊ студенттеріміз осы жылы жарысып жатқан спорт кешендері Бүкіләлемдік универсиаданыӊ объектілері. Сол себепті, аталған жарыстар, белгілі бір дәрежеде бүкіләлемдік Универсиаданыӊ басты жаттығуы болып табылады. Алматы қаласы әкімдігі аталған іс-шарадағы серіктестердіӊ бірі болып отыруы кездейсоқ емес.

Ұйымдастырушылар негізгі 6 объектіні анықтады: "Алатау" спорт кешені, "Шымбұлақ" тау шаӊғы курорты, Халықаралық шаӊғы трамплині кешені, "Медеу" мұз айдыны, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт сарайы.

Жарыстардыӊ қатысушылары үшін 11 ақпанда ҚазҰУ Студенттер сарайында белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері және қазақстандық жұлдыздардыӊ қатысуымен концерт өтеді. Универсиаданыӊ жабылу рәсімі 17 ақпанда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

ҚР БҒМ атап өткендей, студенттік спорттық қозғалысты құру идеясы министрлік басшылығы, сондай-ақ, отандық жоғары оқу орындары басшылығы тарапынан кеӊ қолдау тапты. Өздерініӊ үздік спортшыларын Бүкіләлемдік Универсиадаға ұсыну мүмкіндігі ректорлардыӊ көпшілігін ынталандырады және алдағы жарыстарға ерекше мән береді. Жуырда білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ЖОО ректорларымен және Универсиада-2016 ұйымдастырушыларымен кездесуде ҚР Студенттік спорт федерациясына қазақстандық құрама команданыӊ құрамына болашақ жүлдегерлерді енгізуді ұсынды. Осылайша, студенттік спорттыӊ дамуы қосымша демеу алып, "осылай болу керек" деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарыныӊ басшылары Ұлттық студенттік лиганыӊ одан әрі дамуына бірауыздан қолдау білдірді. Атап айтқанда, Ұлттық студенттік лигаға қатысуға ниет білдірген әрбір жоғары оқу орнында спорттық клубтыӊ құрылуы жөніндегі БҒМ нақты ұсынысы қолдау тапты. Аталған клубтар өз кезегінде Ұлттық студенттік лиганыӊ құрылтайшылары бола алады. Мәселен, осындай клубтардыӊ бірі - "AlmaU Sport and Art zone" клубы Ұлттық қысқы Универсиада кезінде ашылады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны