31.10.2016, 10:41 7677

Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы жүлдеге таласпақ

Алматы қаласында өтетін алдағы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы жүлдеге таласпақ.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында өтетін алдағы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы жүлдеге таласпақ. Қазақстанныӊ мәнерлеп сырғанау бойынша студенттік құрамасы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада-2017 ойындарына дайындалуда, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Қазақстанныӊ мәнерлеп сырғанау бойынша құрамасыныӊ бас бапкері Құралай Үзірова осыған орай былай деп атап өтті: "Қазақстанныӊ мәнерлеп сырғанау бойынша командасы алда келе жатқан студенттік ойындарға белсенді дайындық үстінде. Ерлер құрамасы атынан шығатын Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев өздерініӊ жеке бапкерлерімен бірге АҚШ-да дайындық жүргізуде, ал әйелдер командасына кіретін Айза Имамбек және Регина Глазман қазір Алматыда жаттығуда".

Құралай Үзірованыӊ сөзінше, Жастар арасындағы гран-при додасында Айза Имамбек жақсы нәтижелерді көрсетті. Жаттықтырушылардыӊ барлығы Универсиада-2017 ойындарында Айза Иманбек еӊ үздік спортшылардыӊ ондығына енетіндігіне сенімді. Дегенмен, Қазақстан құрамасында алтын жеӊуге басты үміткер Денис Тен болып отыр.

"Біз алдағы Универсиада-2017 жарыстарында медальдерді жеӊіп алуға тырысатын боламыз. Атын жүлдеге басты үміткер болып табылатын Денис Тен студенттік ойындарға қатысу жөнінде шешім қабылдап, қазір еӊ жоғары деӊгейде өнер көрсету үшін өзін қалыпқа келтіруде", - деді Құралай Үзірова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны