28.09.2016, 19:58 6367

Универсиада қарсаӊында Алматыда 120-дан астам медициналық қызметкер ағылшын тілі дәрістерін сәтті аяқтады

Алматыда 120-дан астам медициналық қызметкер ағылшын тілі дәрістерін сәтті аяқтады, олар Универсиаданы өткізу іс-шараларына жұмылдырылатын болады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 120-дан астам медициналық қызметкер ағылшын тілі дәрістерін сәтті аяқтады, олар Универсиаданы өткізу іс-шараларына жұмылдырылатын болады.

Универсиада дирекциясыныӊ хабарлауынша, мегаполис өкілдерініӊ алғашқы тобы тіл оқуына осы жылдыӊ шілде айында кіріскен. С.Демирель атындағы Университет оқытушылары екі ай бойы дәрігерлерге "Elementary" базалық деӊгейінде сабақ берді. Якуб Догонай есімді оқытушыныӊ айтуынша, медициналық қызметкерлер ағылшын тілін оқып үйренуге қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"120-дан астам маман өздерініӊ ағылшын тілі білімін көтерді және ендігі жерде 2017 жылғы Универсиаданы өткізу кезінде олар тиісті көмек көрсету қажет болған жағдайда шетелдік спортшылармен тіл қатыса алады. Бұл дәрістер тегін өткізіліп отыр, осылайша біз 2017 жылғы Универсиаданы өткізу және оған дайындық жұмыстарына өз үлесімізді қосқымыз келеді", - дейді Догонай.

Дәрісті сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды мамандарға Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығыныӊ орынбасары Гүлнәр Өтепбергенова табыстады.

Ағымдағы жылдыӊ қазан айында медициналық қызметкерлердіӊ екінші тобы тіл оқуына жиналады. Осындай дәрістер сондай-ақ Алматы ТЖД қызметкерлеріне арнап та өткізіліп жатыр, деп хабарлайды дирекция.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкілдүниежүзілік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдыӊ 29 қаӊтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі енгізілген. Жарыстарға 2 мыӊға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Іс-шараны өткізуге шетелдіктерді қоса алғанда 3 мыӊдай ерікті жұмылдырылмақшы. 30 мыӊдай отандық және шетелдік туристер келеді деп күтілуде. Сайыстардыӊ телекөрсетілімі 1 млрд астам телеаудиториясы бар әлемніӊ 80 еліне таратылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны