17.01.2017, 19:48 8026

Универсиадаға Қазақстан құрама командасынан 168 спортшы қатысатын болады

Бүгінгі таӊда шараға қатысатын командалардыӊ құрамы анықталған. Универсиадаға Қазақстан атынан жарыс бағдарламасына енген барлық спорт түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстандық спортшылар алдағы Универсиадаға дайындықтыӊ соӊғы кезеӊінен өтуде. Алматыда өтетін алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға Қазақстанныӊ құрама командасынан жарыстар бағдарламасына енген спорттыӊ барлық түрлері бойынша 168 спортшы қатысатын болады. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазіргі кезде Универсиадада өнер көрсету үшін студенттердіӊ құрама командасын дайындаудыӊ соӊғы кезеӊі жүріп жатқанын баяндады. Осы мақсатта спортшылардыӊ даярлық, жарыс және қалпына келтірудіӊ жоспарланған кезеӊдерініӊ орындалуын қамтамасыз ететін мамандар мен жаттықтырушылар бригадалары жұмыс істейді.

Бүгінгі таӊда шараға қатысатын командалардыӊ құрамы анықталған. Универсиадаға Қазақстан атынан жарыс бағдарламасына енген барлық спорт түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады.

Оқу-жаттығу үрдісініӊ кестесіне сәйкес, құрама командалар медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Универсиада кезінде Қазақстанныӊ құрама командасына Республикалық спорт медицинасы мен оӊалту орталығыныӊ 12 маманы және қосымша қысқы спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардыӊ мамандары қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, Қазақстан он екі Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан, онда 44 медальге ие болған, олардыӊ 18 алтын, 13 күміс, 13 қола. Қазақстанныӊ Бүкіләлемдік студенттік ойындарға қатысуыныӊ еӊ үздік жетістігі 2015 жылы Словакия мен Испанияда түрлі құндылығы бойынша 11 медаль алуы, оныӊ 5 алтын, 6 күміс. Осылайша Қазақстан командасы үшінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Универсиада қатысушылары 2016-2017 жылдардыӊ қысқы маусымдағы Илем кубогы кезеӊдерінде 7 рет чемпион және жүлдегер атанған. Тек 2016 жылдыӊ өзінде Қазақстанныӊ құрама командалары спорттыӊ қысқы түрлері бойынша ресми спорт шараларында 53 медальге ие болған, олардыӊ 16 алтын, 11 күміс және 26 қола.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемніӊ 59 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 12 спорт түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ойнатылады. Олардыӊ еӊ көбі конькимен жүгіру спортына - 14 жиынтық, шаӊғыдан жарысқа - 11 жиынтық және шорт-трекке 8 медальдар жиынтығы.

Қазақстан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайын.

Спорт, көлік және қоғамдық нысандар, сонымен қатар қала қызметтері Алматыда Универсиада-2017-ні өткізуге толығымен дайын. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды.

Алматы әкімі Б. Байбек бүгінде мәлімделген 60 елдіӊ 57-сі тіркеуден өткенін, бұл қысқы Универсиада үшін рекордтық көрсеткіш болып саналатынын айтты. 45 ел үшін визасыз кіру қамтамасыз етіледі, қалған 12 команда жеӊілдетілген түрде виза алатын болады.

Инфрақұрылым туралы айтар болсақ, барлық жаӊа нысандар пайдалануға берілген, бұрыннан бар нысандарды жаӊарту жұмыстары аяқталды, тек аздаған визуалды түрде безендіру жұмыстары қалды. Бұдан өзге, атлетикалық ауыл мен қала қызметтері саласында сервисті жақсарту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл 20 қаӊтарға қарай 100% дайын болады деп жоспарланған. Қатысушылардыӊ алғашқы келуі 23 қаӊтарға белгіленген - бұл Қазақстан мен Канада командалары. Еӊ көп келушілер 26 қаӊтарда болады, ол күні 24 елден 700-ден астам атлет келеді. Барлығы 2200 атлет және 1000-нан астам алып жүруші қонақтар - жаттықтырушылар, дәрігерлер, ресми өкілдер келеді деп күтілуде. 25-29 қаӊтар аралығында атлетикалық ауылда келген командалар үшін қарсы алу бойынша салтанатты рәсімдері өтеді. Атлетикалық ауыл мэрі олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болды.

Универсиада қарсаӊында әуежай мен Алматы вокзалдарыныӊ қызметі мен безендірілуі айтарлықтай жақсартылған. Бірнеше рет осы нысандарда қызмет көрсету сапасын арттыру, ішкі интерьер, лаӊкестікке қарсы және санитарлық қауіпсіздік тұрғысынан тексерістер жүргізілген. Барлық проблемалық мәселелер шешілген. 20 қаӊтарға қарата 100% дайындық қамтамасыз етіледі. Осыған ұқсас жұмыстар қоғамдық тамақтану орындарыныӊ субъектілерімен және қонақ үйлерде жүргізілді.

Бұдан өзге, Алматыныӊ, Универсиаданыӊ туристік карталары, сонымен қатар мейрамханалық жолсілтемелер әзірленген.

Қала қызметтерініӊ дайындығы туралы айтар болсақ, қалалық жедел штаб құрылған. Ол тәулік бойы қызмет көрсететін болады, өткен аптадан бастап Универсиада туралы барлық ақпаратты алуға болатын Call-орталық қызмет көрсетуде.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемніӊ 60 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 12 спорт түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ойнатылады.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу қауіпсіздігі жоғары деӊгейде қамтамасыз етіледі.

7,5 мыӊнан астам құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері мен әскери қызметкерлер Алматыда өтетін Универсиада-2017 кезінде қатысушылар мен қонақтардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұндай сандар кезекті Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтыӊ баяндамасында айтылды.

ІІМ басшысыныӊ айтуынша, 20 қаӊтардан бастап Атлетикалқ ауыл аумағында 50 қызметкері бар полиция бөлімі ашылады. Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысушылар мен оныӊ қонақтарыныӊ қауіпсіздігін 7,5 мыӊнан астам құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері мен әскери қызметкерлер, оныӊ ішінде 150 кинолог пен жарылғыш заттар бойынша мамандар қамтамасыз ететін болады. Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі қызметініӊ 600 қызметкері, 63 техника, 4 ұшақ тәулік бойы қызмет ететін болады.

Студенттер ойыныныӊ барлық нысандарында тексеру жабдықтары жүйелері орнатылып, тестілеуден өткізілді. Жұмысқа 96 аркалық және 27 рентген-телевизиялық қондырғы, 2000 бейнекамера әзірленді, оныӊ ішінде 182-сі - Шұғыл басқару орталығына шығарылады.

"Жалпы, Универсиаданы өткізу кезінде қажетті құқықтық тәртіп қамтамасыз етіледі", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында Алматыда 29 қаӊтарда басталатын 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік барысы қарастырылды.

Универсиада-2017 қатысушылары мен қонақтары сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етілетін болады.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік және оны өткізу аясында барлық қатысушыларға сапалы, шұғыл және уақытылы медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Қажетті көмекті көрсетуге 215 жедел жәрдем көлігі әзірленген, 40 санитарлық автокөлік спорттық және спорттық емес нысандарда кезекшілік жүргізеді. Қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектер қорымен жабдықталған бригадалардыӊ кезекшілігі Универсиаданыӊ барлық спорттық нысандарында жүргізілетін болады. Сонымен қатар атлеттердіӊ тұратын орындарында, 6 қонақ үйде, теміржол бекеттерінде, халықаралық әуежайда және спортшылар марапатталатын "Медал Плаза"-да медициналық пунктер ұйымдастырылады.

Барлығы 40 медициналық пункт ұйымдастырылады, оған 229 қызметкер тартылады.

Т. Дүйсенова атап өткендей, №4 және №7 қалалық емханалардыӊ базасында ұшақ алаӊдары қарастырылған, бұл қажет болған жағдайда уақытылы пациенттердіӊ жеткізілуі мен арнайы көмектіӊ көрсетілуін қамтамасыз етеді. 149 медициналық қызметкер тартылады, оныӊ ішінде шетелдік мамандарда оқытылған, құтқарушы командалардыӊ 11 дәрігері бар.

Барлығы 8 көпбейінді стационар іске қосылады, оларда дәрі-дәрмектердіӊ, қан препараттары және оныӊ компоненттерініӊ, қан алмастырғыштар мен медициналық бұйымдардыӊ түгесілмейтін қоры қарастырылған.

Медициналық пункттерде жұмыс істеуге тартылатын қызметкерлер мен еріктілер инфекциялық қауіпсіздік және шұғыл дәрігерге дейінгі көмекті көрсету дағдыларына үйретілген.

Универсиаданы өткізу кезінде Call-орталықтар мен "103" қызметіне түскен қоӊырауларды қабылдау үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, ағылшын тіліне жедел медициналық көмектіӊ барлық қызметкерлері оқытылған.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарыстарға әлемніӊ 60 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу қарсаӊында жауапты мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырмалар берді.

Премьер-Министр Универсиадаға әзірліктіӊ соӊғы кезеӊі жүріп жатқанын және осыған байланысты ұйымдастырушылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Алматы әкімдігіне Инвестициялар және даму министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына сәйкес Универсиаданыӊ жаӊа нысандарыныӊ жұмысы мен көлік логистикасыныӊ барлық мәселелерін егжейлі-тегжейлі пысықтау мәселесі тағы бір тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне адамдар көптеп жиналатын нысандарда, қонақ үйлерде, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындар мен қала көліктерінде өрт қауіпсіздігі жағдайына бақылауды күшейту тапсырылды.

"Жалпы, ІІМ қоғамдық тәртіптіӊ сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелерді пысықтауды тапсырамын", - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне ақпараттық-имидждік жұмыстарға ерекше назар аудару тапсырылды. Бұл жарыстарды, жаӊалықтар блоктарын трансляциялауға да, журналистердіӊ жұмысын қамтамасыз етуге де қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Универсиада кезінде медициналық қызмет көрсетуді тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

"Барлық министрліктер мен ведомстволардыӊ басшыларынан атсалысып, қажетті көмекті көрсетулерін сұраймын", - деп нақтылады Б. Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны