20.04.2017, 15:06 5446

Волейболдан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионатында қызылордалық жасөспірімдер бірінші орынды жеӊіп алды

Түркістан қаласында 1999 - 2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі сайыста қызылордалық жасөспірімдер бірінші орынды жеӊіп алды

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында 1999 - 2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі сайыста қызылордалық жасөспірімдер бірінші орынды жеӊіп алды.

Қызылорда облысыныӊ құрама командасыныӊ жеӊімпаз атануына сырдариялық Дәулет Кенжеғалиев, Дәулет Русланов, Азамат Ордабеков, Мұхамедәли Байтүгелов, Илішер Өтешов, шиелілік Аят Рамазанұлы, Олжас Сапарбай, Мағжан Ахантай, Нұрлан Сайын, жаӊақорғандық спортшылар Зұлфар Мансұр, Ерболат Орынханов, Бекзат Мейрамбек, Қазалыдан Ерсұлтан Оӊарбай сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.

Команданы жарысқа Болат Рысмахан және Өтепберген Ибдіраманов дайындады. Жасөспірімдер арасында облыстыӊ аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханныӊ айтуынша спортшылар енді маусым айында Өскемен, Хромтау қалаларында өтетін Қазақстан Республикасыныӊ жазғы чемпионатына дайындалады.

Айта кетейік, осыға дейін Түркістан қаласында 2000-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен ел чемпионатында қызылордалық жасөспірімдер қола жүлдені иеленген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны