08.02.2018, 15:56 6091

XXIII қысқы Олимпиада ойындары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарыныӊ тікелей эфирінде көрсетіледі

Біздіӊ спортшыларымыз биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаӊғысы, шорт-трек, конькимен жарысу, шана спорты, шаӊғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) сынды спорттыӊ 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 9-25 ақпан аралығында Оӊтүстік Кореяныӊ Пхёнчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада өтеді. Илемніӊ 95 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысатын дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да ауқымды команда алып бармақ. Олимпиадада спорттыӊ 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Біздіӊ спортшыларымыз биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаӊғысы, шорт-трек, конькимен жарысу, шана спорты, шаӊғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) сынды спорттыӊ 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады.

Қазақтыӊ көк туы Пхенчхан төрінде 7-ші ақпан күні көтерілді. Ал Олимпиаданыӊ алғашқы сындары 8 ақпан күні басталды.

Айта кетейік, "Қазақстан" РТРК" АҚ - қысқы Олимпиада ойындарыныӊ Қазақстан Республикасындағы негізгі хабар таратушысы. "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында 150-ге жуық тікелей трансляция жоспарланған. Оныӊ ішінде 60-сын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы, ал "Qazsport" телеарнасында - 85-тен астам трансляция жүргізілмек.

Сондай-ақ, Олимпиада ойындары кезінде 20-ға жуық білікті комментаторлар жұмылдырылмақ. Олардыӊ арасында көрерменніӊ жоғары бағасын алып үлгерген Есей Жеӊісұлы, Лилиана Илжанова, Александр Олейник, Тимур Сүлейменов, Ермек Торениязов және белгілі тележүргізіші Дана Нұржігітті ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, "QAZSPORT" телеарнасы комментаторларыныӊ арасында 7-ші Қысқы Азия ойындарыныӊ чемпионы Евгений Левкин де бар.

Көрермендер Алексей Полторанин, Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, Абзал Ижғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Екатерина Айдова және тағы да басқа қазақстандық спортшылар қатысатын сайыстарды тікелей эфирде тамашалай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны