13.09.2017, 17:18 6367

Жамбыл облысыныӊ әкімі бокстан әлем чемпионы Фируза Шариповаға пәтер сыйлады

Бүгін Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев кәсіпқой бокстан әйелдер арасындаWIBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған тұӊғыш қазақстандық боксшы Фируза Шариповамен кездесті.

Тараз. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев кәсіпқой бокстан әйелдер арасындаWIBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған тұӊғыш қазақстандық боксшы Фируза Шариповамен кездесті.

Аймақ басшысы Фируза Шарипованы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылатын құнды жеӊісімен құттықтап, алдағы жұдырықтасар кездесулерінде тек жеӊіс пен сәттілік тіледі.

- Мен шын жүректен Сізге мықты денсаулық және кәсіпқой бокста жаӊа жеӊістер тілеймін. Ирқашан сәттілік серік болсын, сондай-ақ біз Сіздіӊ әр жеткен жетістіктеріӊіз үшін марқайып жүреміз, - деді Кәрім Нәсбекұлы.

Өз кезегінде Фируза Шариповасөз сөйлеп, облыс басшысына алғысын айтып, тілеулес барша жанкүйерлерініӊ үмітін әлі де талай додаларда ақтайтынын жеткізді.

Айта кету керек, бокстанҚазақстан Республикасыныӊ спорт шебері Фируза Шарипова ағымдағы жылдыӊ 26 тамызында Астана қаласы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ Амфитеатр сахнасында кәсіпқой болгар боксшысы Милена Колеваға қарсы кездесу өткізіп, төрешілердіӊ бірыӊғайшешімімен жеӊіске жеткен болатын.

Қазіргі таӊда кәсіпқой рингкесегіз кездесу өткізіп, оныӊ жетеуіндебасым түскен. Сонымен қатар, кездесу соӊындаоблыс әкімі әлем чемпионы Фируза Шариповаға екі бөлмелі пәтердіӊ кілтін табыстады,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны