09.08.2018, 20:16 5815

Жасөспірімдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша VIII Республикалық жазғы чемпиоанты Талдықорған қаласында жалғасуда

Чемпионат бағдарламасына кедергісі 100-метрлік жолақтан өту, 4х100 өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасыныӊ қабаттарына шабуылд сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю сайыстары енгізілген.

Талдықорған. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Жасөспірімдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша VIII Республикалық жазғы чемпиоанты Талдықорған қаласында жалғасуда.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыӊ спорты - көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге кез-келген сәтте дайын, батыл да ержүрек адамдардыӊ спорты. Ол жақсы дене дайындығын қажет етеді, қайсарлық, кәсібилік және төзімділік секілді маӊызды қасиеттерді қалыптастырады, жұмысы - төтенше жағдайлар кездерінде адамдарды құтқару болғандықтын қажеттілігі зор.

Чемпионатқа Қазақстан Республикасыныӊ барлық облысынан 16 команда қатысқанын еске сала кетейік. Команда құрамына жасөспірімдер арасынан өрттен құтқару спорты бойынша Халықаралық жарыстардыӊ жеӊімпаздары кіреді. Қатысушылар бірнеше санатқа бөлінген: кіші, орта, үлкен жастық топ.

Чемпионат бағдарламасына кедергісі 100-метрлік жолақтан өту, 4х100 өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасыныӊ қабаттарына шабуылд сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю сайыстары енгізілген.

VIII чемпионаттыӊ алғашқы күнініӊ қорытындысы бойынша жалпыкомандалық сынақта келесі командалар алға шықта.

Кедергісі бар 100-метрлік жолақты бағындыр бойынша келесі командалар орындар иеленді :

1-орын: Шығыс қазақстан облысы командасы;

2-орын: Маӊғыстау облысы командасы;

3-орын: Астана қаласы командасы.

4х100 өрт эстафетасы кезеӊі бойынша келесі командалар орындар иеленді 1-орын: Астана қаласы командасы,

2-орын: Шығыс қазақстан облысы командасы;

3-орын: Маӊғыстау облысы командасы.

8 тамыз күні, командалар оқу мұнарасыныӊ қабаттарына көтерілуден және жауынгерлік қанат жаю сайыстары бойынша сайысқа түседі.

Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және акпарат тобы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны