12.05.2017, 14:10 6100

Жеӊіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысыныӊ спортшылары жақсы өнер көрсетті

Қазақстан Республикасыныӊ чемпионатында Қызылорда облысыныӊ №4 олимпиадалық резервтіӊ мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі спортшылары жақсы өнер көрсетті.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласында жеӊіл атлетикадан 1998-1999, 2000-2001 жылы туған жастар және жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасыныӊ чемпионатында Қызылорда облысыныӊ №4 олимпиадалық резервтіӊ мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі спортшылары жақсы өнер көрсетті.

Жастар арасында Руслан Мұратбай ядро итеруден жеӊімпаз атанса, Ғаламат Иуесбай найза лақтырудан қола жүлдені иеленді. 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден бірінші келген Рақымжан Келманов бір жарым шақырымдық қашықтыққа жүгіруден үшінші орынға ие болды. Светлана Саунина 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден екінші, Азамат Құлдас 800 метр қашықтыққа жүгіруден үшінші орындарды еншіледі.

2000-2001 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Қадыр Жалғас 400 метр қашықтыққа жүгіруден ел чемпионы атанды. Галина Панасенко 2000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден алтын, 3000 метр қашықтыққа жүгіруден күміс жүлдеге ие болды. Ал Мөлдір Изімханова 2000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден 2-орынды иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны