04.02.2011, 15:14 20840

Жерлесіміз биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруде алдына жан салмады

Жерлесіміз биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруде алдына жан салмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Жерлесіміз биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруде алдына жан салмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 7-Қысқы Азия ойындары аясында бүгін Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сын жарыстары өтуде.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық қанатты шаңғышы Евгений Левкин 128,5 балл жинап, көш бастады. Ол 102 метр қашықтыққа секірді. Екінші орында биіктігі 125 метр тұғырдан секіруден чемпион атанған жапониялық Казуя Иосиока (Kazuya Yoshioka) келеді. Ол да 102 метр қашықтыққа секірді, алайда техникасы үшін жерлесімізге қарағанда аз ұпай алды, оның еншісінде қазір 125,5 балл бар. Тағы бір қазақстандық спортшы Радик Жапаров үшінші орынға орналасты. 101 метр қашықтыққа секірген ол Казуя Иосиокаға 0,5 балл ұтылуда.

Бұл жарыстағы секірушілердің ішіндегі фавориттердің бірі - жерлесіміз Николай Карпенко әзірше төртінші орында тұр. Жарысқа барлығы 11 спортшы қатысуда. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан - 6 , Жапониядан - 2, Қытайдан -1, ал Кореядан - 2 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, спортшылардың өнері - секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды. Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның еншісінде 19 алтын медаль бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны