04.02.2016, 20:25 8284

Зілтемірші Татьяна Капустина допинг қолданғаны үшін әлем чемпионы титулынан айырылды

Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина допинг қолданғаны үшін әлем чемпионы титулынан айырылды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина допинг қолданғаны үшін әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Quadratin агенттігініӊ Халықаралық ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлағанындай, қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина 2015 жылы Перудегі жастар чемпионатындағы алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұл шешім Капустинаға жасалған допинг-сынақтамасынан кейін қабылданған. Осылайша, әлем чемпионы титулы эквадорлық атлет Айови Кабесасқа, күміс жүлде - Украина спортшысы Анастасия Шишановаға, ал қола медаль мексикалық зілтемірші Лизабет Руис Ноласкоға бұйыратын болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны