05.11.2019, 15:21 2773

Қарағандыда "Қыс-2019" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Практикалық іс-шаралар шеңберінде авариялық-техникалық құралымдардың әзірлігі тексерілді.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 5-6 қараша аралығында республикада "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау" тақырыбында "Қыс-2019" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Қарағанды қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығудың мақсаты қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығы мен қабілеті деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу шеңберінде ълектр жабдықтарды іске қосумен хабарлау жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Аталған іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Бүкіл республика бойынша ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, қысқы кезеңдегі ТЖ ден қою және жою бойынша авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің практикалық іс-әрекеттері жүргізілуде.

Оқу-жаттығудың бірінші күні 5 қарашада Қарағанды облысының әкімі Ж. М. Қасымбек және ТЖ уомитеті төрағасының орынбасары Т.Қ. Нұрмағамбетов Қарағанды облысының Азаматтық қорғау авариялық-құтқару құралымдарының, жылжымалы басқару пунктінің және шатырлы лагерьдің дайындығын тексерді.

ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің жедел-құтқару құрамалары, ҚР Ұлттық гвардиясының "Орталық" РМҚ 52859 әскери бөлімі, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамына кіретін "Астана" РМҚ бөлімшелері бар күштер мен құралдардың дайындығын көрсетті.

Далалық басқару пунктінің жұмысы көрсетілді,онда қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штаб шатыры, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері ашылды. Сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашиналар базасында жылжымалы байланыс тораптарының мүмкіндіктері көрсетілді.

Практикалық іс-шаралар шеңберінде авариялық-техникалық құралымдардың әзірлігі тексерілді.

Осы күні облыс және ТЖ комитетінің басшылығы Қарағанды 3-ЖЭО басшылығын қаланы жылумен қамтамасыз етудің бас нысанының қысқы кезеңге дайындығы туралы тыңдады. Сонымен қатар жылу электр станциясында авариялық жағдайды жою кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың екінші күні барлық жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде су айдындарында, автожолдардағы қар үйінділерін жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша практикалық іс-шаралар пысықталатын болады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны