31.05.2019, 19:09 12719

"Ғарыш-экология" ҒЗО РМК қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді

Байқоңыр. 31 мамыр. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 30 мамырында Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минутта "Ямал-601" ғарыштық аппаратын алып "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылған болатын.

Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №25,15 белгіленген құлау аймағының (Ю-24 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында, Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында зымыран тасығышқа жанармай құю және оның ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды.

""Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны