Система Orphus

"Ғарыш-экология" ҒЗО қызметкерлері "Союз- ФГ" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді

22.07.2019, 18:16 8587
"Ғарыш-экология" ҒЗО қызметкерлері "Союз- ФГ" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді

Байқоңыр. 22 шілде. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері "Союз- ФГ" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылғы 20 -шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22 сағат 28 минут 21 секундта "Союз-МС-13" көліктік пилотты кораблін алып "Союз- ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізілді және зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері (бүйір жақ блоктары) Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №16,49 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады",- деп хабарлайды Ғылыми-зерттеу орталығы.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз- ФГ" зымыран тасығышына жанармай құю және оның ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

""Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті. Қоршаған орта нысандарынан сынама алынып жатыр", делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, "Байқоңыр" ғарыш айлағының №81 ұшырылым алаңынан 2019 жылдың 13 шілдесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 30 минут 57 секундта (15:30:57 мск) "ДМ-03" үдеткіш блогы мен "Спектр-РГ" ғарыштық астрофизикалық обсерваториясын алып "Протон-М" тасымалдағыш зымыранының сәтті ұшырылымы жүзеге асырылды.

Бұл аталған түрлі зымыран тасымалдағыштың ағымдағы жылғы екінші ұшырылымы болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны