Система Orphus

"Ғарыш-экология" ҒЗО РМК қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті

10.10.2019, 23:24 6157
"Ғарыш-экология" ҒЗО РМК қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті

Қарағанды. 10 қазан. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше, 2019 жылдың 9-қазанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16 сағат 18 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан Eutelsat 5 West B және Mission Extension Vehicle-1 спутниктерін алып "Бриз-М" үдеткіш блогымен "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшырылым қалыпты режимде жүргізілді.

"Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан белгіленген құлау аймағының шегінде жерге құлады. "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2001 жылы құрылған.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағындағы зымыран-ғарыштық іс-қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырумен айналысады.

Кәсіпорын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын зымыран ұшырылымдарының бағдарламаларының жобасын жасау, ұшырылымдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізуге қатысты ғылыми-зерттеу, жобалық және басқа да жұмыстарды жүзеге асырумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны