22.05.2019, 17:11 12687

Қазақстан құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа стандарттар енгізеді

Ағымдағы жылдың 17 мамырында АЭФ аясында "Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі" тақырыбында панельдік сессия өткізілді

Нұр-Сұлтан. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 17 мамырында АЭФ аясында "Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі" тақырыбында панельдік сессия өткізілді. Осы іс-шарада Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму жөніндегі бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады.

Сессияда "Бәйтерек" АҚ ҰБХ Басқарма Төрағасының Орынбасары Әнуар Омарходжаев, Singapore Cooperation Enterprise кәсіпорынының аға консультанты Яп Чин Бенг, Singapore Cooperation Enterprise кәсіпорынының Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және Халықаралық ынтымақтастық директоры Эрик Ли, Құрылыс индустриясын цирландыру орталығы "BeInTech" ЖШС директоры Асхат Тұрғынбекұлы, Қазақстанның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ляззат Ибрагимова, Кореяның Тұрғын үйді кепілдендіру корпорациясының (Korea Housing &Urban Guarantee Corporation) президенті Ли Чаэ Кванг мырзалар спикер ретінде сөз сөйледі.

Панельдік сессия барысында халық үшін қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып қалалық жоспарлау шешімдері және құрылыс индустриясын цифрландыру сияқты мәселелер талқыланды.

Заманауи технологияларды енгізу, тұрғын үйді түрлі рекреациялық және әлеуметтік қолайлылықпен сапалы өмір сүру ортасына айналдыру, сайып келгенде тұрғындарға тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады және өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Бірінші вице-министр атап өткендей, соңғы 20 жылда халық саны 3 миллионнан астам адамға өсті. Урбанизация үдерістерінің елде орта есеппен 57% ға артуы байқалады.

"Біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында шағын және моноқалалар, ауылдық және шекара маңындағы аймақтарды дамыту бойынша 4 агломерацияны дамытуды қарастырдық. Бұл үшін біз елді мекендер мен ауылдық елді мекендерді, соның ішінде инфрақұрылымды, әлеуметтік қызметтерді, жасыл инфрақұрылымды және мүгедектер үшін "кедергісіз" ортаны қамтитын елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін енгізіп жатырмыз ", - деді Қ.Өскенбаев.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы тұрғын үйдің сапасына қойылатын талаптар арта түскендіктен, оларды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау қажет.

"Бұған құрылыс индустриясында ескірген СНиП-тердің орнына еурокодтар жүйесіне өтуді қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ құрылыс нысандарына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу, құрылыстың сапасын бақылауды автоматтандыру, "Е-Шаңырак" электрондық ақпараттық жүйесі арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру барысы көзделуде", - деді бірінші вице-министр.

E-SHANYRAQ жүйесінің негізгі мақсаты тұрғындардың өз үйлерін өздерінің басқаруы болып табылады. Жүйеде тұрғындар төлемдер мен есептеулердің дұрыстығын тексере алады, өздерінің басқару ұйымдарының қызметін бақылайды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге өтініш жасайды, үйдегі шығындар мен табыстарды бақылауға алады.

Бұдан басқа, тұрғындар электронды дауыс беру арқылы үйдегі барлық мәселелер бойынша жиындарға қашықтықтан қатыса алады. Басқарушы компаниялар есеп беру туралы ақпаратты бір рет және бірыңғай форматта жариялау мүмкіндігіне ие болады, ал IOI, мемлекеттік органдар жүйе бойынша сенімді ақпаратқа негізделген ақпараттандырылған шешімдерді қабылдай алады.

Жаңа технологияларды, құрылыс индустриясындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы инновацияларды енгізу халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жеке инвестициялардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны