17.06.2019, 20:10 24049

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамымен кездесті

Қазақстан Президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды

Нұр-Сұлтан. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы Күзет қызметі басшысының баяндамасын тыңдады.

- Мемлекеттік күзет қызметі - төтенше маңызды ұйым. Сіздер қызмет атқару барысында осыны қаперде ұстаңыздар. Мемлекеттік күзет қызметіне айрықша міндеттер жүктеледі. Сондықтан, мемлекеттік күзет мәселесі әрқашан басты назарда болады. Тапсырылған іске барынша адалдық танытып, жоғары кәсіби дайындықтарыңызды көрсететіндеріңізге сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ішкі және сыртқы қауіп-қатердің құбылмалы жағдайында күзет қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талап өте жоғары болатынын атап өтіп, қызметке кәсіби, идеологиялық және зияткерлік тұрғыдан дайын жас жігіттер іріктеп алынатынын айтты.

- Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерінде келіссөздер жүргізуге қажетті дипломатиялық дағдыларға сәйкес келетін әскери біліктілік, қырағылық, ақпаратты қорыта білу сияқты сапалық қасиеттер болуы тиіс. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы саясатты түсінетін және білетін саяси білімі жетік болуы қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының жұмысымен танысып, Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Сондай-ақ, Күзет қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" қызметінің бастығы лауазымынан;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны