18.06.2019, 21:22 8347

Оралда мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды

Айта кету керек, 1 маусымнан бастап полиция емтиханға қатысудан шеттетілді. Ал жол қозғалысы ережелерін білу бойынша емтихан тапсыруды бақылау "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Үкіметтік емес акционерлік қоғамының құзырына берілді.

Орал. 2 маусым. Kazakhstan Today - Орал қаласындағы мамандандырылған ХҚКО ашылған сәттен бері қызметті алушылардың кезегі мен құжаттарды күту уақыты едәуір қысқарды, электрондық үкімет порталы арқылы ХҚКО қызметтеріне тапсырыс беруге болады. Мәселен, 2018 жылдың маусым айынан бері "Көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу, есепке алу және тіркеуден шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік беру және мемлекеттік тіркеу туралы нөмір белгілерін беру" қызметін онлайн түрде алу мүмкіндігі пайда болды.

Дегенмен, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге қарамастан, кейбіреулер жүргізуші куәлігін алу үшін сыбайлас жемқорлық схемаларын жүзеге асыруға ыңғайлы ақтаңдақ тұстарды табады. Теориялық емтихансыз жүргізуші куәлігін алудың соңғы жағдайы осы жылдың қаңтар айында тіркелді. Бұл факт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент пен Арнайы мониторинг тобы бірлесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мекемелерде жүргізген тексеру барысында анықталды.

"Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиеваның айтуынша, "әсіресе мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мұндай деректер көп болған, оған емтихан тапсыруға адамдар келгенде әртүрлі "көмекшілер ("помогайки")" аталған адамдар пайда бола кетеді. Алайда, осы "көмекшілердің" Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылығымен немесе полиция өкілдерімен байланысты екендігі анықталмады. Бұл алаяқтыққа көбірек ұқсайды".

Ал "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мәліметі бойынша, облыстың бірнеше аудандарында, соның ішінде облыс орталығында "Тинк" жүргізушілер мектебі жүргізуші болуға жаңадан ниет білдірушілерге жүргізушілік құқықты 95 мың теңгеге сатып алуға көмектескен.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті бастығының орынбасары Серік Мұстафиннің ақпаратына сәйкес, соңғы осындай дерек өткен жылдың қаңтар айында анықталған. Оның ақпаратына сәйкес, "Сұлтанғалиева мен Джапакова мектепте оқығаны жөніндегі куәлік пен кейін емтиханды оң бағамен тапсыруға көмектесуі үшін 65 мың теңгені "Тинк" автокөлік жүргізушілер мектебінің директоры Тілесовке берген. Тілесов БҚО Ішкі істер департаментінің жол полициясының бұрынғы қызметкері екендігі анықталды. 2018 жылғы 7 желтоқсанда Щ. есімді азаматша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында теориялық емтихан тапсырады, ал 2019 жылдың 5 ақпанында ол практикалық емтихандарды тапсырусыз жүргізуші куәлігін алған. Сонымен қатар, практикалық және теориялық емтихандарды мемлекеттік автоинспектор, полиция полковнигі Сағынбаев қабылдаған".

Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті полиция инспекторларының осы заң бұзушылықпен айналысқанын дәлелдей алмады. Нәтижесінде іс соттың ұйғарым шығаруымен ғана аяқталды.

Соңғы кеңесте жобалық кеңсе мүшелері осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. Олардың бірі - емтихан қабылданатын кеңседе қосымша бейнекамералар орнату. Сондай-ақ, көлік жүргізу тәжірибесі 5 жылдан асатын тәуелсіз бақылаушыларды жұмысқа тарту ұсынылды.

Айта кету керек, 1 маусымнан бастап полиция емтиханға қатысудан шеттетілді. Ал жол қозғалысы ережелерін білу бойынша емтихан тапсыруды бақылау "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Үкіметтік емес акционерлік қоғамының құзырына берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны