Система Orphus

"АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге атсалысуда

10.08.2019, 15:25 30241

Орал.10 тамыз. Kazakhstan Today - Aqjaiyq Adaldyq Alany жобалық кеңсесі өкілдері облыстың ең шалғай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуді одан әрі жалғастыруда. Сапарлардың мақсаты - ауыл тұрғындарын "АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесінің іс-қызметімен таныстыру және қажет болған жағдайда оларға Жобалық кеңсеге жүгінуге мүмкіндік беру.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарынан бірінші болып олар Оралдан 282 шақырым жерде орналасқан Қазталов ауданының Жалпақтал ауылына барды.

Жалпақтал ауылы бір кездері аудан орталығы болған. Қазір бұл ірі елдімекенге жатады. Ауыл тұрғындарын толғандырып отырған маңызды мәселелердің бірі - ауыз су тапшылығы проблемасы. Тұрғындардың үйлеріне су тәулігіне 2 сағаттан ғана беріледі. Бұл ретте облыстағы әдеттегі ауылдық округтерден бір айырмашылығы сол, Жалпақтал ауылында екі орта білім беретін мектеп, лицей, емхана, аурухана, балабақша, қарттар мен мүгедектерге арналған үй, бизнес нысандары бар.

Сондай-ақ, Жалпақтал ауылында өткен кездесуге басқа ауылдардың тұрғындары да келді. Бостандық ауылдық округінің тұрғындары "АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесіне ауыз су тарифінің аса жоғарылығы проблемасын шешіп беру туралы өтінішпен жүгінді. Жалпақтал ауылындағыдан бір ерекшелігі, Бостандық ауылдық округінде ауыз су тұрақты беріледі, бірақ тұрғындар оның текше метрі үшін 387 теңге төлеуге тиіс. Су тарифінің жоғарылығымен қатар Қазталов ауданының бюджетін бөлу тақырыбы да қозғалды. Аудан бюджеті 7 млрд. теңгеден асады. 4500 тұрғыны бар Жалпақтал ауылына небәрі 1,4 млрд.теңге жұмсалады.

Aqjaiyq Adaldyq Alany Қазталов ауданының тұрғындары айтқан проблемалар туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облысының басшылығына жеткізбекші.

Кездесу қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары үшін "түсінікті" бюджет жасақтау туралы ұсыныс жасалды.

"Тұрғындар тек округ, ауданның ғана емес, сонымен бірге облыстың бюджеттік қаражаты қалай және қайда жұмсалып жатқанын білуге тиіс", деп санайды жобалық кеңсенің төрайымы Әлия Салиева. - "Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және сапалы мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерді алу бойынша бар проблемаларды шешуге облыс тұрғындарының тікелей атсалысқаны аса маңызды".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны