Система Orphus

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті

11.09.2019, 19:54 22114

Нұр-Сұлтан. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.

Өз кезегінде Ли Кэцян Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Қазақстан-Қытай байланыстарын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны