Система Orphus

Алма Бимағанбетова "Ғарыш-Экология" ҒЗО РМК бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

01.10.2019, 17:09 14041
Алма Бимағанбетова "Ғарыш-Экология" ҒЗО РМК бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының басшысы өзгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті бекіткен бұйрықтың негізінде Алма Орманбековна Бимағанбетова "Ғарыш-Экология" ҒЗО РМК бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның атауы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2001 жылы құрылған.

2012 жылға дейін кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің "Инфракос" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорны деп аталды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағындағы зымыран-ғарыштық іс-қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырумен айналысады.

Кәсіпорынның негізгі іс-қызмет саласы - зымыран-ғарыштық іс-қызметтің Қазақстан Республикасындағы қоршаған орта ахуалы мен тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерін бағалау, болжамдау және оны азайту бойынша нұсқаулар әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырып жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын зымыран ұшырылымдарының бағдарламаларының жобасын жасау, ұшырылымдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізуге қатысты ғылыми-зерттеу, жобалық және басқа да жұмыстарды жүзеге асырумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны