06.11.2019, 16:23 2808

Нұр-Сұлтан қалалық "Сарыарқа" ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қалалық "Сарыарқа" ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Нұр-Сұлтан қ. №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол үкіммен пара бергені үшін Култаеваға К.К. 200 мың, Сығаеваға С.Д. - 300 мың, Исамидиновке И.И. - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны