16.11.2019, 13:31 2547

Премьер-министрдің орынбасары Көкшетаудағы форумға дайындықпен танысты

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев қаланың осы ауданын жайластыру жобасымен таныстырып, форумға шамамен 2 мың қонақ келедi деп жоспарлап отырғанын айтып өттi.

Көкшетау. 16 қараша. Kazakhstan Today - Премьер-Министрiнiң орынбасары Роман Скляр Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастығың XVII форумына дайындық шеңберiнде салынып жатқан объектiлерiнiң құрылыс алаңдарын аралап көрдi.

Негiзгi iс-шаралар "Болашақ сарайы" жаңа сарайында өтедi. Құрылыс жұмыстарын "BI Civil Construction" ЖШС орындауда, мұнда жүз шақты адам жұмыс iстейдi. Қаңқасы бойынша негiзгi жұмыстарды наурыздың аяғында аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба бойынша Сарайда форумның отырыс және панельдiк сессиялар залдары, мемлекетаралық әртүрлi келiмдер мен шарттарға қол қою кеңiстiктерi қарастырылған. Кейiн бұл жерде балаларды зияткерлiк және спорттық дамыту аймағы орналастырылады.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев қаланың осы ауданын жайластыру жобасымен таныстырып, форумға шамамен 2 мың қонақ келедi деп жоспарлап отырғанын айтып өттi. Оларды орналастыру үшiн Көкшетаудың қонақ үйлерi мен отельдерiнде 1200 орын бар, Зерендi және Бурабай ауданының қонақ үй кешендерi қабылдауға дайындалып жатыр. Сонымен қатар, "Болашақ сарайының" жанында екi тұрғын үй кешенiнiң құрылысы салынып жатыр, оларда да қала қонақтары орналастырылады. Пәтерлер толық жиһаздандырылады, ал форум өткеннен кейiн сатылады.

Вице-премьер Сарайдың қасынан салынып жатқан төрт кең залы бар "Хан сарайы" мейрамханасын аралап көрдi, онда да форум делегаттарын қарсы алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жол құрылысының, магистралдық инженерлiк желiлер құрылысының барысымен танысты, құрылысы салынып жатқан православиелiк шiркеудi, Қылшақты өзенi арқылы салынып жатқан көпiрдi барып көрдi.

Қала әкiмi Амангелдi Смаилов Қопа көлiнiң жағалауы аймағын үш кезеңде жайғастыру - тротуарлары, веложолдары және диотты жарық шамдары бар кең төрт жолақты жол салу, жағажай және жасыл аймақ жабдықтау жоспарланып отырғанын баяндады. Бүгiнгi таңда бiрiншi кезеңi аяқталған, екiншi кезең жүзеге асырылуда. Жұмысқа тартылған учаскенiң ұзындығы - 0,6 км: Қан орталығынан Қылшақты өзенiне дейiн. Қылшақты өзенi арқылы уақытша жол қазiрдiң өзiнде салынған, көпiрдiң бұрғылап қағылатын 38 свайларының басым бөлiгi орнатылған, болашақ жолдың төменгi қабаты жартаспен және қиыршық таспен нығайтылуда.

Вице-премьердiң жұмыс сапарының соңғы объектiсi кокшетаулық РК-1 және РК-2 қазандықтары болды, жаңа қазандық орнатып олардың қуаттылығын арттыру жоспарланып отыр. Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев, ТЭЦ құрылысы басталғанға дейiн қаланы жылумен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып қала беретiнiн түсiндiрдi. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа үйлердi жылыту керек, ал қолданыстағы қуаттылық жетiспейдi. Орнатылуы жоспарланып отырған қазандық газмазуттық болады, яғни, ол Көкшетауға газ құбыры жеткеннен кейiн де пайдаланыла бередi.

Роман Скляр барлық жоспарланған жобалар Үкiметтiң қолдауын тауып отырғанына және ел басшылығының тұрақты бақылауында екенiне назар аудартты: мұнда мерзiмi де сапасы да өте маңызды. Алда көп жұмыстар бар, ал уақыт өте тығыз. Сондықтан өндiрiс жұмыстарының кестесiн қатаң ұстануымыз қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны