20.11.2019, 18:45 21231

"Қорғас-ШЫХО" кеден бекетінде акцизсіз темекі өнімдерінің ірі партиясы ұсталды

Ұсталған темекі өнімдердің жалпы саны 1148 блокты (229 600 дана сигарет), жалпы салмағы 217 кг құрады.

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - "Қорғас-ШЫХО" кеден бекетінде акцизсіз темекі өнімдерінің ірі партиясы ұсталды.

"Қорғас-ШЫХО"кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде темекі өнімдерін, атап айтқанда жалпы салмағы 129 кг 708 блокты құрайтын "Milano" маркалы темекі өнімдерін және жалпы салмағы 88 кг 440 блокты құрайтын "Mond" маркалы темекі өнімдерін ұстады.

Ұсталған темекі өнімдердің жалпы саны 1148 блокты (229 600 дана сигарет), жалпы салмағы 217 кг құрады.

Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталады. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны