20.11.2019, 18:50 25431

Қазақстан мен Әзербайжан Премьер-Министрлері Каспий теңізінің түбінде салынатын талшықты-оптикалық желі құрылысын ашты

Жоба трансқұрлықтық бола отырып, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрады.

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Әзербайжан Премьер-Министрлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша "Trans Caspian Fiber Optic" (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.

Жоба трансқұрлықтық бола отырып, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрады. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400 шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын "Транстелеком" АҚ, "KazTransCom" АҚ және "AzerTelecom" әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады. ТОБЖ 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/с сыйымдылықпен ақпараттарды жеткізуге мүмкіндік береді.

"Әзербайжан - Қазақстанның стратегиялық серіктесі. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиев және оданкейін АР Президенті Ильхам Алиев достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларын орнатқан. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Елбасының сыртқы саяси бағдарын жалғастыра отырып, Әзербайжанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуге ерекше көңіл бөледі", - деді А. Мамин.

Қазақстан Үкіметінің басшысы "TransCaspianFiberOptic" бірлескен жобасы деректерді берудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне шығуға, жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіруге және әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

А. Мамин және А. Асадов екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, ауылшаруапшылығы, ғарыш және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарыаясында Премьер-Министр А. Мамин метанол және олефин өндіретін зауыт құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Жобаны сингапурлық "WestGasOil" компаниясы жүзеге асырады, инвестициялар көлемі - $1,8 млрд. Зауыттың қуаттылығы - жылына 300 мың тонна метанол мен 600 мың тонна олефин. Құрылыс кезеңінде 4000 жұмыс орны құрылады, 2023 ж. Пайдалануға берілген соң кәсіпорын персоналы 650 адамды құрайтын болады.

Үкімет басшысы "AktauResortHotel" көпфункционалды қонақүй-туристік кешеннің салыну барысымен, сондай-ақ "КазАзот", "MangystauOilRefining" кәсіпорындарының және "Maga-Bread" нан-тоқаш зауытының жұмысымен танысты.

А. Мамин Ә. Кекілбаев атындағы мәдениорталыққа барып, Қазақстанның халық жазушысының музейі мен мемориалын аралады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны