Система Orphus

Нұр-Сұлтанда ТМД елдеріндегі еңбек тәртібін реттеу мәселелері талқыланды

01.12.2019, 19:47 22384

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда ТМД елдеріндегі еңбек тәртібін реттеу мәселелері талқыланды.

Қазақстанның астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) мүше мемлекеттеріндегі еңбек стандарттары бойынша халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға ТМД Атқарушы комитетінің мен уәкілетті және құзыретті органдарының, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Акмәди Сарбасов ТМД-ға мүше мемлекеттердің арасында еңбек стандарттары саласындағы тәжірибе алмасу еңбек қатынастары мен адами капиталды одан әрі дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде әр 5 жыл сайын ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары анықталып, еңбек нормалары бойынша бірыңғай нормативтік құжаттар жасалады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ТМД-ға мүше мемлекеттердің қарқынды даму жолына көшу жағдайында маңызды мәселе. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық нәтижесі жан-жақты әрі жемісті болатынына сенімдімін", - деді ол.

Іс-шара барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңес хатшылығы басшысының орынбасары Ольга Кремская Достастық елдерінің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастығының нәтижелері мен алдағы міндеттері туралы сөз қозғады.

Конференцияда Ресейдегі, Беларусиядағы, Өзбекстандағы, Түркіменстандағы және Қазақстандағы еңбек стандарттарының тәжірибесі мен осы бағытта қабылданған шаралардың тиімділігі қаралды. Сондай-ақ, ТМД елдерінен келген делегаттар еңбек нормалары мен еңбек стандарттарын әзірлеу құралдарына жаңа көзқарастарды талқылады.

Отырысқа қатысушылар оқыту мәселелері мен біліктілік жүйесін дамытуға ерекше назар аударды. Осылайша, Ақмәди Сарбасов Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу, кәсіби стандарттар мен оларға негізделген білім беру бағдарламаларын, сертификаттау жүйесін және мамандардың біліктілігін бағалауды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бүгінде біз экономиканың сұранысқа ие 12 саласы бойынша 550 кәсіби стандарт әзірледік, олардың 70-і бекітілді, ал тағы 480 осы жылдың соңына дейін бекіту жоспарланып отыр. Кәсіби стандарттар жұмысшылардан бастап, ТОП-менеджерлерге дейін осы саладағы жұмысшыларға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарын қалыптастырады", - деді вице-министр.

Конференцияны қорытындылай келе, оның қатысушылары ТМД елдерінде Еңбекті нормалау институтын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар жасады.

Еске сала кетейік, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы министрліктері мен бизнес өкілдерінің және Тәжікстан Республикасы елшілігінің кеңесшісінің қатысуымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұйымдарында еңбек нормаларын ұйымдастыру және еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан 2014 жылы посткеңестік кеңістікте алғаш рет халықаралық семинар өткізген болатын.

Бұл конференцияны өткізу туралы шешімді ТМД Экономикалық кеңесі 2016-2020 жылдарға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің еңбек нормалары саласындағы ынтымақтастықтың тұжырымдамалық шеңберін іске асырудың негізгі шаралар жоспарын бекіте отырып, 2016 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылдады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны