18.12.2019, 23:20 54379

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Министр Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен "Азия-Еуропа" Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады.

Алматы. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.

Министр Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен "Азия-Еуропа" Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттарының Қазақстанды өңірдегі сенімді серіктесі әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі негізгі әріптесі санайтынын айтты.

"Азия-Еуропа" форумының қатысушылары Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын және көлік жолдарын дамытуға ықпал ететін Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны