Система Orphus

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен кездесті

17.02.2020, 18:38 8155

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты.

Ауғанстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны