03.03.2020, 23:00 5132

Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады.

Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар Қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды.

Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз ЖЖМ тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралі болуы ықтимал.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны