26.05.2020, 17:22 5436

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Түркияның көшбасшылары түркі әлемі аясындағы ынтымақтастық жайында пікір алмасып, құрылғанына тура 10 жыл толған Түркі академиясының жемісті жұмысын атап өтті.

Әңгіме соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны