28.05.2020, 15:34 5501

ҰҚК бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті

ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны

30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық

оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны