05.08.2020, 22:53 5602

Қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды

Қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС-де болды.

Кездесу барысында әскери қызметшілерді қазіргі заманғы техниканы пайдалану дағдыларына оқыту, сондай-ақ әскери оқу орындарымен бірлесіп қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, генерал-лейтенант Тимур Дандыбаев компанияның өндірісімен егжей-тегжейлі танысып, өзара іс-қимыл, дуальді оқыту, ғылыми әлеует және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша бірлескен жобалар мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны