25.05.2022, 18:06 18026

Алматы ХҚКО-ларында мемлекеттік баж заңсыз жиналды

Алматы ХҚКО-ларында мемлекеттік баж заңсыз жиналды
Сурет: facebook/правительство для граждан
АЛМАТЫ. 25 МАМЫР - Алматыда 400-ден астам мүгедек, жетім және көп балалы аналарға төленген мемлекеттік баж қайтарылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттау қызметтері үшін мемлекеттік бажды алу заңдылығына талдау жүргізді.
 
 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылды.
 
Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.
 
Алмалы ауданының прокуратурасы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді.
 
Оны қарау қорытындысы бойынша ақшаны қайтару бойынша шаралар қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны