28.01.2020, 12:05 5825

Қасым-Жомарт Тоқаев "Al Nowais Investments" компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңартылған энергия көздеріне инвестиция салып, аталған саланы ілгерілетуді қолға алғанына, 2013 жылдан бері мемлекеттік жасыл экономика тұжырымдамасының іске асып жатқанына тоқталды.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев "Al Nowais Investments" компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті.

Қазақстан Президенті "Al Nowais Investments" компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті.

Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана емес, Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі инвестициялық ұйым саналатын "Al Nowais Investments" көпсалалы бизнес жүргізіп отырған компания. Оның жылдық айналымы 1 миллиард доллардан асады.

Хуссейн Әл Новейс Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және тағы да басқа салалар бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы мағлұмат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңартылған энергия көздеріне инвестиция салып, аталған саланы ілгерілетуді қолға алғанына, 2013 жылдан бері мемлекеттік жасыл экономика тұжырымдамасының іске асып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көптеген жобалардың атқарылғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны